USD 318.80

EUR 398.64

РУБ 5.67

«Астана» мәскеулік «Спартакты» тізе бүктірді

  • 226
«Астана» мәскеулік «Спартакты» тізе бүктірді kaz.vesti.kz

Елордалық «Астана» клубы БАӘ-де өткен жолдастық кездесуде мәскеулік «Спартак» клубынан үстем түсті.

Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлайды.

Ойын бүгін, 22 қаңтар күні өтіп, 3:2 есебімен елордалық клубтың пайдасына аяқталды.

Кездесудің басында «Астана» шабуылшысы Патрик Твумаси жарақат алып, алаңнан кетті. Дегенмен де бұл «Астана» үшін кері әсер еткен жоқ. Кездесудің 19-минутында елордалық клубтың сербиялық легионері Марко Станоевич есепті ашты. «Астана» ойыншылары 33-минутта есепті еселеді. Бұл жолы көзге Твумасидің орнына алаңға шыққан Марин Томасов соқты.

Кездесудің 75-минутында «Астана» шабуылшысы Джордже Деспотович есепті 3:0-ге дейін жеткізді. Ал 80-минутта «Спартак» Квинси Промоес соққан пенальтидің арқасында есепті қысқартса, 89-минутта мәскеулік клубтың бразилиялық шабуылшысы Педро Роша екінші голды соқты. Осылайша ойын да аяқталды.

«Астана» клубы келесі кездесуін 26 қаңтар күні өткізеді. Қарсылас ресейлік «Краснодар» клубы болады.

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде