Шорт-трекші Н.Жұмағазиев 1000 метрлік жарыстың финалдық кезеңіне шыға алмады - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Шорт-трекші Н.Жұмағазиев 1000 метрлік жарыстың финалдық кезеңіне шыға алмады

  • 225
Шорт-трекші Н.Жұмағазиев 1000 метрлік жарыстың финалдық кезеңіне шыға алмады ©:Ізтуған Алдауев

Қазақстандық шорт-трекші Нұрберген Жұмағазиев Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Пхенчан қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 1000 метрлік бәсекеде бағын сынап, жарыстың финалдық кезеңіне шыға алмады.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Үшінші төртікке сынға түскен отандасымыз канадалық Самуэль Жирар, жапониялық Кейта Ватанабе және Халықаралық Олимпиада комитетінің атынан өнер көрсеткен ресейлік спортшы Семен Елистратовпен жарысқа шықты.

Жарыстың қорытындысы бойынша ширек финалға Жирар (1:23.894) мен Елистратов (1:23.979) шықты. Ал 27 жастағы Жұмағазиев 1:24.271 уақытпен соңғы болып мәре сызығын кесті.

1000 метрге жарыстың финалдық кезеңі 17 ақпан күні өтеді.

Айта кетейік, бүгін, 13 ақпан күні 5000 метр қашықтыққа ерлер арасындағы командалық эстафета өтеді. Бұл сынға Қазақстан құрамасы да қатысады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде