USD 319.65

EUR 392.60

РУБ 5.63

Шаңғышы Анна Шевченко Олимпиаданың финалдық кезеңіне шыға алмады

  • 152
Шаңғышы Анна Шевченко Олимпиаданың финалдық кезеңіне шыға алмады

Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко Пхенчхандағы Олимпиадада классикалық әдіспен спринттік кезеңде финалға шыға алмады.

Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлады.

Ширек финалда ол 3 минут 23,56 секунд уақыт көрсетіп, бірінші алтылықта соңғы орын алды. Осылайша ол Олимпиададағы жарысын аяқтады. Іріктеу кезеңінде 3 минут 23,27 секундта жүріп өтіп, 27-орыннан көрінді. Жарыс жолына барлығы 67 спортшы шыққан. Оның 30-ы ширек финалға жолдама алды.

Сонымен қатар шаңғы спортынан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полтаранин 13-орын алып, финалға шықты.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде