USD 319.65

EUR 392.60

РУБ 5.63

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы эстафетада Олимпиаданың финалынан тыс қалды

  • 142
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы эстафетада Олимпиаданың финалынан тыс қалды Фото: Павел Михеев©

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында 5000 метрге командалық эстафетада сынға түсіп, финалдық кезеңге шыға алмады.

Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлады.

Біздің құраманың жігіттері іріктеу кезеңінің бірінші тобында өнер көрсетті. Құрама сапында Денис Никиша, Нұрберген жұмағазиев, Абзал Әжғалиев және Еркебұлан Шамуханов өнер көрсетті. Ал қарсыластарымыз Канада, Қытай және Голландия елдерінің спортшылары болды.

Жарыстың басында Денис Никиша құлап, жылдамдығын азатып алды. Осылайша, біздің құрама мәре сызығын төртінші болып кесті. Біздің жігіттер 6:47.727 уақыт көрсетті.

Бұл сында бірінші орынды 6:36.605 уақыт көрсеткен Қытай құрамасы алса, екінші орынға Канада (6:41.042) құрамасы жайғасты. Осы екі құрама командалық эстафетаның финалдық кезеңіне шықты.

Екінші топта Оңтүстік Корея мен Венгрия елдерінің спортшылары финалға жолдама алды. Енді осы құрамалар Олимпиаданың жүлдесін сарапқа салады.

Ал Қазақстан құрамасының спортшылары болса енді Голландия, АҚШ, Жапония құрамаларымен 5-8 орындарға таласатын болады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде