USD 327.20

EUR 388.00

РУБ 5.31

Ақтөбеде халықаралық теннис турнирі басталды

  • 271
Ақтөбеде халықаралық теннис турнирі басталды

Ақтөбеде ITF Futures сериясындағы халықаралық теннис турнирі басталды.

Жүлде қоры 25 мың АҚШ долларын құрайтын бәсекеге 12 елден 56 теннисші қатысып жатыр. Халықаралық деңгейдегі дода Ақтөбеде екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Қазақстан теннисшілері Словакия, Италия, Ресей, Эстония, Белорусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия және Грекиядан келген спортшылармен бәсекеге түсіп, ел намысын қорғайды. Қазақстан құрамасы сапында Александр Недовесов, Роман Хасанов, Бейбит Жукаев, Денис Евсеев, Тимур Хабибулин және Григорий Ломакин сынды 12 теннисші бар. Ал, Ақтөбенің өзінен Константин Баранов пен Дан Дейчер бақ сынап жатыр. Бәсеке фавориттерінің бірі – Евгений Королев. Ол Ақтөбе кортында өткен жылы да ойнаған болатын. Халықаралық турнир 17 ақпанға дейін жалғасады.

Эмильяно Занон, турнирдің бас төрешісі (Грузия):

– Жүлде қоры айтарлықтай көп болмаса да, турнир жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұл жолғы турнирдің бірінші ракеткасы, ең мықты қатысушысы – Александр Недовесов. Ол Дэвис кубогының қатысушысы бұрын 100 үздіктер тізімінде болған ойыншы. Осындай ойыншының қатысуы турнир мәртебесін арттырады. Бұл күндері әдемі ойынның куәсі болатынымызға сенімдіміз. 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде