USD 327.20

EUR 388.00

РУБ 5.31

Қазақстандық таэквондошылар Ыстамбұлда үздік нәтиже көрсетті

Қазақстандық таэквондошылар Ыстамбұлда үздік нәтиже көрсетті

Түркияның Ыстамбұл қаласында таэквондодан клубтар арасында Еуропа чемпионаты өз мәресіне жетті.

4 күнге созылған сайыстың қорытындысы бойынша қазақстандық таэквондошылар жоғары нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, кадеттер арасында 3 алтын, жастар құрамасы 1-еу, ал ересектерден 74 және 80 келі салмақта екі отандасымыз алтын тағынып, көк туымызды желбіретті. Биылғы сайысқа дүние жүзінен 300-ге тарта клубтан мыңға жуық спортшы қатысты. «Айтулы жарыста таеквондодан Қазақстанның маңдайалды 10 клубы ел намысын абыроймен қорғап шықты», – дейді жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Бақытжан Райбеков. Оның айтуынша, бұл сайыс спортшыларымызды алдағы Азия чемпионаты мен әлем біріншілігіне іріктеуге мүмкіндік берді.

Бақытжан Райбеков, жастар құрамасының аға жаттықтырушысы:

Ересектер командасы екі құрам әкелді. Жастар құрамасы да екі құрам әкеліп отырмыз және кадеттер бар. Барлық бапкерлердің мақсаты балаларды осы додада бір қарап, тексеріп шығу. Өйткені бұл жарыс үлкен. Қатарынан екі жарыста бапкерлер балалардың психологиялық тұрғыда өзінің барлық күш-жігерін, деңгейін сараптайды.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде