Олимпиада 2018: 14 ақпан күні «Хабар» арнасындағы көрсетілім кестесі - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Олимпиада 2018: 14 ақпан күні «Хабар» арнасындағы көрсетілім кестесі

  • 336
Олимпиада 2018: 14 ақпан күні «Хабар» арнасындағы көрсетілім кестесі

Бүгін, яғни 14 ақпан күні Оңтүстік Кореяда 5 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Еліміздің спортшылары конькимен жүгіру, тау шаңғысы және биатлон бойынша бақ сынайды. Әсіресе биатлоннан ел намысын қорғайтын Галина Вишневскаядан үміт зор. Сонымен қатар басқа биатлоншы қыздарымыз 15 шақырымдық жекелей жарыста өнер көрсетеді.  

Спорт түрі: Конькимен жүгіру спорты. 1000 метр. Финал. Әйелдер.

Спортшы: Екатерина Айдова  

Уақыты: 16:00

Спорт түрі: Биатлон. Жеке жарыс. 15 шақырым. Әйелдер

Спортшы: Галина Вишневская, Дарья Климина, Ольга Полторанина, Елизавета Бельченко, Алина Райкова

Уақыты: 17:05

Дүбірлі доданы «Хабар» арнасы да тікелей эфирде көрсетеді. Арнадан ерлер арасындағы шаңғы қоссайысын Астана уақытымен 12.00-де, ал финалды 14.50-де көруге болады. Сонымен қатар ерлер арасындағы хоккейден тартысты ойынды 21.30-да тамашалай аласыздар. 23.50-де биатлоннан әйелдер сайысқа түседі. Бұны да «Хабар» арнасынан немесе http://khabar.kz/olympic/kz/ сілтемесі арқылы көруге болады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде