USD 319.65

EUR 392.60

РУБ 5.63

«Спортинг» футболшылары Астанаға келді

  • 181
«Спортинг» футболшылары Астанаға келді Vesti.kz

Португалиялық «Спортинг» клубының футболшылары мен бапкерлері Астанаға келді.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Лиссабондық команда өкілдері мінген ұшақ Қазақстан астанасына қонды. Португалиялық клубтың баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, команда жеті сағаттық жолды жүріп келіпті. Ұшақтан түсе салысымен, команда қонақүйге жол тарты. Команда ойыншылары ашық жаттығу жұмысы және баспасөз жиынына дейін демалады.

«Спортинг» «Астанаға» қарсы өтетін ойында 21 футболшысын алып келген. Жарақатына байланысты бұл ойында команданың бас мергені Бас Дост қатыса алмайды.

Еске салайық, Еуропа лигасы 1/16 финалында «Астана» мен «Спортинг» арасындағы кездесу 15 ақпан күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу 22:00-де басталады. Жауапты кездесу бір аптадан кейін Португалияда болады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде