USD 319.65

EUR 392.60

РУБ 5.63

ҚФФ Қазақстан құрамасын кімдер тізгіндеуі мүмкін екенін айтты

  • 243
ҚФФ Қазақстан құрамасын кімдер тізгіндеуі мүмкін екенін айтты vesti.kz

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Азамат Айтхожин Қазақстан құрамасына бас бапкер болуға үміткер кандидаттарды айтты.

Бұған дейін ҚФФ Беларусь маманы Олег Кононовпен келіссөз жүргізіп жатқаны белгілі болған еді. Бірақ Айтхожин бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Федерация Олег Кононовпен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ екенін ресми түрде айтқым келеді. Тіпті біз Ресейден бапкерлер қарастырып жатқан жоқпыз. Бізде Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін деген төрт үміткер бар. Олардың қатарында Талғат Байсуфинов пен Станимир Стойлов бар. Сонымен қатар тағы бірнеше шетелдік мамандармен келіссөз жүргізіп жатырмыз», – деді.

Еске салайық, Қазақстан футбол федерациясы өткен айда Бородюктің қызметінен кеткені туралы хабарлаған болатын. 55 жастағы маман Қазақстан құрамасымен жеті кездесу өткізіп, оның алтауында жеңіліп, бір кездесуде тең ойнады.

Ал бас хатшы болса бірнеше үміткермен келіссөз жүргенін айтты. Оның айтуынша, наурыз айына дейін бапкердің есімі белгілі болады.

Құрамамыздың тізгінін ұстауға елордалық «Астана» клубының бас бапкері Станимир Стойлов қарастырылған. Болгариялық бапкер құрамаға Еуропа лигасының 1/16 финалында «Спортингпен» өтетін кездесуден кейін келеді екен.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 әлеуметтік желілерде