USD 327.20

EUR 388.00

РУБ 5.31

Қазақстандық конькиші Е.Айдова 1000 метрге жүгіруден 24-орын алды

  • 355
Қазақстандық конькиші Е.Айдова 1000 метрге жүгіруден 24-орын алды

Конькимен жүгіру спортынан қазақстандық Екатерина Айдова Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада 1000 метр қашықтықта жарысты.

Ол жарыс жолына қытайлық Жуйнин Тяньмен шығып, қарсыласынан қалып кетті.

Айдова жарыс жолын 1,17,09 уақытта аяқтады. Бұл көрсеткіш қазақстандық спортшыны жүлделі орынға шығара алмады. Бар болғаны 24-орынға тұрақтады.

Бас жүлде голландиялық спортшының қанжығасында кетті. Ал одан кейінгі жүлделі екі орын жапон қыздарына бұйырды.

Йорин Тер Морс   Нидерланд     1:13.56 (Олимпиада рекорды)
Нао Кодайра          Жпония       1:13.82
Михо Такаги           Жпония      1:13.98

prosports

Хабар 24 әлеуметтік желілерде