«Olympic Channel» Денис Тен туралы деректі фильм түсірді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

«Olympic Channel» Денис Тен туралы деректі фильм түсірді

  • 483
«Olympic Channel» Денис Тен туралы деректі фильм түсірді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанау шебері, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен туралы фильм шықты.

«Olympic Channel» түсірген фильмде Денистің спорттағы жолы, мұз айдыннан тыс өмірі, Қазақстан деген алып елдің әлемдік мәнерлеп сырғанау картасындағы орны туралы айтылған.

– Менің атам генерал болды. Ол Кореяның тәуелсіздігі үшін күресіп, отанын қорғау үшін барын салған азаматтар қатарында болды. Атамның туған жеріне, отандастарының алдында өнер көрсетемін. Пхенчхан Олимпиадасында маған артылған үміт пен мақсат басқаша. Жауапкершілігі өте ауыр сын болмақ,- дейді Денис Тен фильмде.

Естеріңізге сала кетейік, Денис Тен Пхенчхан Олимпиадасында 16 ақпан күні мәнерлеп сырғанаудың  жекелей сыны бойынша өнер көрсетеді. 2018 жылғы өтіп жатқан Олимпиада ойындары – отандасымыз қатысатын үшінші Олимпиада. Ол 2010 жылы Ванкуверде, 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарына қатысты. Сочиде өткен ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарында Денис Тен қола жүлдегер атанған болатын.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде