Павлодарда киберспорттан республикалық жарыс мәресіне жетті - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Павлодарда киберспорттан республикалық жарыс мәресіне жетті

  • 308
Павлодарда киберспорттан республикалық жарыс мәресіне жетті

Виртуалды жекпе-жекте Астана, Қарағанды және Павлодар облысының үздік командалары өзара бақ сынасты.

Олар Counter-Strike бойынша жарысты. Ойынның нақты осы түрі виртуалды әлемде үлкен қызығушылыққа ие. Еліміздің киберспортшылары еуропалық деңгейдегі жарыстарға қатысып, өз өнерлерін көрсетіп жүр. Кибертур Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің қабырғасында өтті. Қазіргі уақытта бұл оқу орны кең көлемді цифрландыру жүйесіне көшіп жатыр. Бүгінде IT-технология студенттер өмірінің айнымас бөлшегіне айналған. Ал киберсайыста Павлодар мен Астана қалаларының командалары топ жарды. Үшінші орынға Көкшетау командасы ие болды.

Рүстем Күштаев, Қазақстан киберспорт федерациясының президенті:

- Осындай шағын алаңда ұйымдастырылған турнирлер әлемдік додаларға жол ашады. Мәселен, біздің «Гамбит Спортс» командасын алып қарайық. Өткен жылдың жазында олар Краковте әлем чемпионатын жеңіп алды. Осылайша өздерінің алғашқы жарты миллион долларына қол жеткізді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде