Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы қорытынды матчта Польшаны ойсырата ұтты - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы қорытынды матчта Польшаны ойсырата ұтты

  • 158
Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы қорытынды матчта Польшаны ойсырата ұтты

Хоккейден 2018 жылғы әлем чемпионатының қорытынды матчында Қазақстан құрамасы Польша командасымен кездесіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасының құрамы: Карлссон – Даллмэн  – Семёнов, Старченко – Кучин – Рымарев; Лакиза – Метальников, Михайлис – Гренц – Евдокимов; Орехов – Полохов, Маркелов – Сағадеев – Акользин; Ыбырайбеков –, Петухов – Гурков – Әсетов, Волков.

Роман Старченко мен Павел Акользин бір минуттың ішінде есепті 2:0-ге етіп, бірінші кезеңді осылай аяқтады. Старченко екінші кезеңде екі рет шайба салса, оны Кшиштоф Запала қысқартты. Соңғы кезеңде поляктардың қақпашылары ауысты, алайда бұл да көмектескен жоқ. Иван Кучин – бесінші, ал Старченко алтыншы шайбаны салды. Осылайша А тобының бірінші дивизионында  сынға түскен Қазақстан тоғыз ұпайға ие болды. Ұлыбританияның да жалпы ұпайы осындай, Италия, Словения мен Венгрия – алты, Польша үш балл жинаған.

Қазақстан – Польша – 6:1 (2:0, 2:1, 2:0). 

Ақпарат көзі: sport.inform.kz

Хабар 24 әлеуметтік желілерде