USD 340.27

EUR 396.40

РУБ 5.34

Футбол: «Астана» «Ақжайықтан» ойсырай ұтылды

  • 67
Футбол: «Астана» «Ақжайықтан» ойсырай ұтылды

Қазақстан премьер-лигасының кейінге шегерілген 22-турында «Астана» сүрінді.

Ел чемпиондары «Ақжайыққа» қонаққа барып, алаң иелерінен ойсырай ұтылды. Атоян атындағы стадионға жиналған екі жарым мың көрерменнің қиқуы «Ақжайықты» алға жетеледі. Матчты ширақ бастаған алаң иелері небәрі 4-минутта «Астана» қақпасынан саңлау тапты. Голдың авторы – Игорь Худобяк. Екінші таймда «Ақжайық» шабуылшысы Мәлік Мане есепті еселей түсті. Қонақтар қарымта қайтаруға тырысты. Алайда Бабаян шәкірттерінің ойыны жүрмеді. 85-минутта Эсеола мергендік танытып, кездесуге нүкте қойды. 3:0 есебімен жеңіске жеткен «Ақжайық» турнир кестесінде 16 ұпаймен төртінші орынға көтерілді.

Артур Авакянц, «Ақжайық» ФК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

– Ең бастысы, алға қойған мақсатымыз орындалды. Бізді қолдаған өңір басшылары мен барша жанкүйерлерге алғысымыз шексіз. Дегенмен, тоқмейілсуге әлі ерте. Өйткені «Астана» – Еуропа деңгейіндегі ойындарда ел намысын қорғайтын бірден-бір команда. Ең маңызды матч та алда. Яғни біздің басты мақсатымыз бірер күннен кейін «Қайсармен» болатын ойынды ойдағыдай өткізу.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде