Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең үздік 25 спортшының қатарына енді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 361,07

EUR 409,95

РУБ 5.43

Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең үздік 25 спортшының қатарына енді

  • 105
Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең үздік 25 спортшының қатарына енді Фото: vesti.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең үздік 25 спортшының қатарына кірді.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Fight Nights Global тұжырымының рейтингінде көш бастап тұрған Жалғас Жұмағұлов әлемдік рейтингте де бір сатыға жоғарылап, әлемнің ең үздік 20 спортшысы қатарына кірді. Аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыздың салмағында ең үздік спортшысы UFC чемпионы Деметриус Джонсон тұрса, екінші орында Хенри Сехудо тұр.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов 56 келі салмақтағы Еуропадағы ең үздік 5 спортшының қатарына кірген болатын. Ол соңғы жекпе-жегін Fight Nights Global 86 турнирінде өткізіп, америкалық әккі спортшы Тайсон Нэмді (16-8-1) айқын басымдылықпен жеңген болатын.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде