«Джиро д'Италия»: «Астана» велошабандозы бір сатыға жоғарылады - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

«Джиро д'Италия»: «Астана» велошабандозы бір сатыға жоғарылады

  • 114
«Джиро д'Италия»: «Астана» велошабандозы бір сатыға жоғарылады

«Астана» велокомандасының капитаны Мигель Анхель Лопес «Джиро д'Италия» көпкүндігінің жалпы есебінде бір саты жоғарлап, алтыншы орынға көтерілді.

Қазақстандық команданың көшбасшысы 18-кезеңде мәреге 11-болып жетті. Қазір Мигель Анхель «қызғылт жейденің» иесі Саймон Йетстен 4 минут 54 секунд қалып келеді. «Астана» командасының тағы бір велошабандозы Пельо Бильбао кезеңді 17-орынмен аяқтап, жалпы есептегі сегізінші орнын сақтап қалды. 196 шақырымға созылған 18-кезеңде неміс жігіті Максимилиан Шахман жеңіске жетті. Бүгін «Джироның» 184 шақырымдық 19-кезеңі өтеді.  

Хабар 24 әлеуметтік желілерде