USD 335.94

EUR 389.

РУБ 5.38

«Астана Арландары» салмақ өлшеу рәсімінен өтті

«Астана Арландары» салмақ өлшеу рәсімінен өтті ВКонтакте

Атырауда «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубы бүкіләлемдік бокс сериясының сегізінші маусым жартылай финалының екінші жекпе-жегін Ұлыбританияның «British Lionhearts» командасымен өткізеді.

Осыған орай спортшылардың салмағы өлшенді. Бапкерлердің айтуынша додаға ұлттық құраманың ең мықты арландары таңдап алынған. Сондықтан үйдегі кездесуде қонақтарға дес бере қоймас деген пікірде. Дегенмен, қандай да бір жорамал жасау қиын.

Айта кетейік, «Astana Arlans»  командасы өз тарихында бүкіләлемдік бокс сериясы бойынша үш мәрте чемпион атанды. Жеңген команда Куба немесе франциялық боксшылармен жұдырықтасады.

Мырзағали Айтжанов, ҚР Бокстан ұлттық құрама командасының бас бапкері:

- Осы жартылай финалға шыққан бірінші кездесуіміз. Олардың елінде 3/2 есебімен біздің пайдамызға шешілді. Ал енді өз үйімізде әрине жігіттер аянып қалмайды, бар күшін салады. Осы кездесу былайша айтқанда шешуші финалға кімнің шығатынын. Сол себептен жігіттеріміз бар күштерін беріп, елді қуантуға тырысады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде