USD 335.94

EUR 389.

РУБ 5.38

«Астана» капитаны «Джиро д'Италия» көпкүндігінде үшінші орын алды

  • 77
«Астана» капитаны «Джиро д'Италия» көпкүндігінде үшінші орын алды

«Астана» велокомандасының капитаны Мигель Анхель Лопес «Джиро д'Италия» көпкүндігінің жалпы есебінде үшінші орынға ие болды.

Биылғы жылдың алғашқы Гран-турындағы шешуші сын 20-кезеңде өтті. Таулы жолдағы сайыста қызғылт жейденің тағдыры шешілді. Жалпы есепте топ жаруға британиялық Крис Фрум мен Голландиялық Том Дюмулен таласты. 214 шақырымдық сында Фрумның жолы болды. Басты қарсыласының алдын ораған британиялық велоспортшы спорттық ғұмырында алғаш рет «Джиро д'Италия» көпкүндігінде жеңіске жетті. Ал 20-кезеңде испаниялық Микель Ниеве жеңімпаз атанды. Кезеңді он екінші болып аяқтаған «астаналық» Мигель Анхель Лопес жалпы есепте үшінші орынға көтерілді. Ол француз Тибо Пиноның алдын орады. Бүгін «Джиро д'Италияның» «достық кезеңі» аталған соңғы жарыс күні өтеді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде