352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футболдан Әлем чемпионаты басталатын кез таяп қалды

  • 222
Футболдан Әлем чемпионаты басталатын кез таяп қалды

Мәскеудегі «Лужники» стадионында футболдан кезекті әлем біріншілігі басталады.

Жарыстың салтанатты ашылуынан кейін алаңға Ресей және Сауд Арабиясының құрама командалары шығады. Қазір екі команда да соңғы дайындықтарын пысықтауда. Әсіресе Станислав Черчесов баптайтын ресейліктер барынша үздік ойын үлгісін көрсетуге мүдделі. Сауд Арабиясының әлемдік доп додасына қатысуының өзі жетістік. Ресей құрамасы соңғы матчтарын ала-құла өткізіп жүр. Екі бірдей жолдастық кездесу де осал соқты. Мысалы, Австриядан жеңіліп қалса, Түркияның екінші құрамымен тең түсті. Есеп 1:1. Станислав Черчесов атына сын айтушылар көп. Осы «құрама топтық кездесулерден кейін жарысты аяқтайды» деп алаңдайтындар қатары артты. Шынында да Египет пен Уругвайды алға оздырып алып, Ресей футболшыларының опық жеуі әбден мүмкін. Бірақ ойын кезінде футболы өрге жүзуі де ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы