352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Альварестің промоутері: Головкинмен 15 қыркүйекте жекпе-жек өткізетінімізді қуана хабарлаймын

  • 217
<span class=favorites>Альварестің промоутері: Головкинмен 15 қыркүйекте жекпе-жек өткізетінімізді қуана хабарлаймын</span> prosports.kz

Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя 15 қыркүйекте Геннадий Головкинге қарсы рематч өтетінін хабарлады.

Головкин мен «Канелоның» командалары екінші жекпе-жектен түсетін табысты қалай бөлісетіндерін келіскен сияқты. GGG табыстың 42,5%, Альварес 57,5% алады.

«15 қыркүйекте жекпе-жек өткізетінімізді қуана хабарлаймын! Канело – GGG», – деп жазды Альварестің промоутері.

Кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтпек. Былтыр боксшылар 16 қыркүйекте жұдырықтасып, тең түскен болатын.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы