352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде 2018 жылғы Әлем чемпионаты басталды

  • 348

Мәскеудің Лужники стадионында төрткүл дүние көз тіккен төртжылдықтың басты додасы басталды.

Футболдан Әлем Чемпионаты Ресей және Сауд Арабиясы командаларының ойынымен ашылмақ. Әлем көз тіккен айтулы шара жайлы толығырақ Мәскеудегі әріптесім Дана Нұржан толығырақ баяндайды. 

Дана Нұржан, тілші:

- Әлем Чемпионатының салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің Президентінен бөлек тағы 20 мемлекеттің көшбасшылары қатысты. Шараның ашылу бағдарламасында  британдық поп-әнші Робби Уильямс және Ресейдің опера әншісі Аида Гарифуллина өнер көрсетеді. Сондай-ақ салтанатты рәсімге футболдан екі дүркін әлем чемпионы Бразилиялық Роналдо қатысады. Ал мундиальдің ашылуына бара алмай қалған фанаттар, жанкүйерлер фестиваліне қатысуда. Бұл Воробьев таулы аймақта орналасқан чемпионаттың басты ФАН-аймағы. Мұнда үлкен экрандар қойылған. Осылайша, жанкүйерлер ашық аспан астында алғашқы матчтарды тамашалай алады. 

Дана Нұржан, тілші:

- Ресей үшін бұл төртжылдықтағы басты футбол турниры ғана емес, себебі шараға мемлекет сегіз жыл бойы дайындалды. Бұл тарихтағы жиырма бірінші, ал Ресейдегі бірінші Әлем чемпионаты. Маңызды ойынға 11 қаланың 12 стадионы тартылған. Мундиальдің бірінші ойыны Ресей және Сауд Арабиясының құрамалары арасында өтеді. Басталуына да міне жақын қалды. 

Авторлары: Дана Нұржан Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы