359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ 2018: Ресей Сауд Арабиясын ойсырата жеңді

  • 374
ӘЧ 2018: Ресей Сауд Арабиясын ойсырата жеңді

Әлем біріншілігінің алғашқы кездесуі Ресей мен Сауд Арабиясы арасында өтіп, Станислав Черчесов шәкірттері 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың бірінші таймында Юрий Газинский есеп ашып, артынша Денис Черышев нәтижені еселеді. Үзілістен кейін де Ресей құрамасы шабуылды үдете түсті. Ойынның 71-минутында Артем Дэюба мергендік танытып, алаң иелері ірі есеппен ұтуға қадам жасады. 90-минутқа таман алаң иелерінің тегеурініне шыдас бермеген Сауд Арабиясы тағы екі гол жіберді. Гол соққан Денис Черышев пен Александр Головин. Бүгін тағы үш матч өтеді. Египет пен Уругвай және Иран мен Марокко кездеседі. Ал Сочиде Испания мен Португалия өзара шеберлік байқасады.

Хабар 24 телеарнасы