352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хулен Лопетеги – «Реал» командасының жаңа бапкері

  • 145

Әлем чемпионаты қарсаңында Испания құрамасының бапкеріне қатысты дау туындыған еді.

Мұнда Хулен Лопетеги «Реалмен» жасырын келісім-шарт жасасты деген желеумен ұлттық құрамадан қуылды және бұл жағдай дүниежүзілік доданың басталуына тура 1 күн қалғанда орын алды. Енді мадридтік клуб жаңа бапкерімен ресми түрде танысты.

Корольдік клуб президенті Флорентино Перестің айтуынша, келсім әлем чемпионатынан кейін жаслау керек еді. Бірақ әртүрлі факторлардың ықпалымен оны дәл қазір жасауға мәжбүр болыпты. 

Хулен Лопетеги, «Реал Мадрид» клубының бас бапкері:

- Осындай қызметке тағайындаған клуб президенті Флорентино Переске алғысым шексіз. Мен осы командаға бапкерлік жасайтынымды мақтан тқұтамын және қазірдің өзінде оның ажырамас бөліне айналдым деп айта алам. «Реалдың» бүгінге дейінгі жеңіс жолын жалғасырып, биік белестерді бағындырамыз деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы