356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ 2018: Испания мен Португалия жасыл алаңға шығады

  • 215
ӘЧ 2018: Испания мен Португалия жасыл алаңға шығады

Төрткүл дүние тағатсыздана күтіп жүрген футболдан әлем чемпионаты басталды.

Жарыстың алғашқы күні «А» тобындағы Ресей мен Сауд Арабаиясы жолыққан болатын. Енді осы топтағы қалған қос құрама бүгін Екатеринбург қаласында кездеседі. Яғни тура жарты сағаттан кейін Уругвай мен Мысыр арасындағы ойын басталады. Қазір аяқдопшылар соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Әсіресе көпшілікті Мысыр сапындағы Мохамед Салахтың алаңға шығу, шықпауы алаңдатады. Өйткені ол чемпиондар лигасының финалында  ауыр жарақат алған еді.

Адиль Ахмед, Мысыр құрамасының жанкүйері:

- Кеше түнде Мысырдағы жүз миллион адам ұлттық құраманың жеңісін тіледі. Әсіресе Мохамед Салахтың негізгі құрамда жасыл алаңға шыққанын қалады. Өйткені ол команданың негізгі қозғаушы күші. Мысыр футболшылары әлем чемпионатының алғашқы матчында ел үмітін ақтайды деп ойлаймын.

Ал әлем чемпионаты аясындағы ең тартысты матчтардың бірі Испания мен Португалия құрамалары арасында өтеді. Қос команда бүгін жолығады. Аталған матчқа қатысты әлем сарапшыларының пікірі екіге жарылып отыр. Өйткені жарысқа 2 күн қалғанда Испания бас бапкерін ауыстырды. Енді Фернандо Йерро жаттықтыратын жігіттер қандай ойын өрнегін көрсетері көпшілікке қызықты. Жалпы қос құрама әлем чемпионаты аясында 1 рет қана кездесіпті. 2010 жылы Оңтүістік Африка Республикасында өткен додада Испания футболшылары басым түсті.

Фернанду Сантуш Португалия құрамасының бас бапкері:

- Біз матчқа тас-түйін дайынбыз. Испания соңғы он жыл көлемінде бір стильде ойнайды. Соған сәйкес нақты жоспар құрдық.

Хабар 24 телеарнасы