361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Олимпиада чемпионы А.Винокуровтың жүлдесіне арналған веложарыс өтіп жатыр

  • 114
Олимпиада чемпионы А.Винокуровтың жүлдесіне арналған веложарыс өтіп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың жүлдесіне арналған халықаралық велокөпкүндік өтіп жатыр.

Дәстүрлі додаға Өзбекстан, Ресей, Қазақстан елдерінен 140 шақты спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтайды. Жарыстың ашылу салтанаты әйгілі велошабандоздың туған ауылы Бескөлде ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын серік еткен сайыпқырандар бірінші күні 70 шақырым қашықтықты бағындырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл велошабандоздардың шеберлігін шыңдап, жоғары деңгейдегі жарыстарға шығуға мүмкіндік береді. Ал сайыстың соңғы күні Александр Винокуровтың қатысуымен веложорық болады деп жоспарланып отыр.  

Алинұр Құдайбергенов, жарысқа қатысушы:

- Велоспортпен 4 жыл айналысамын. Ол өте қызық, әрине. Әртүрлі жарыс болады. Километр, шақырымдары әртүрлі болады. Оның қиын жерлері де болады. Бірақ та ол қиындықты өтеп шығу да оғай емес. Бірақ та шыдау керек.

Хабар 24 телеарнасы