359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Абель Санчес: Бұл күн тарихқа енеді, өйткені Головкин «Канелоны» сұлатады

  • 202
Абель Санчес: Бұл күн тарихқа енеді, өйткені Головкин «Канелоны» сұлатады vesti.kz

Абель Санчес 15 қыркүйектегі жекпе-жекте қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альваресті нокаутқа түсіреді деген ойда.

Алайда бапкер бұл үшін Альварес бірінші жекпе-жектегідей қашып жүрмей, бетпе-бет келіп жұдырықтасуы керектігін айтады.

«Канело» қашуын доғарып, Головкинмен нағыз айқасқа барамын деген сөзін орындайды деген үміттеміз. Головкин шабуыл жасайды. Әдеттегідей. Альварес сөз бергендей жұдырықтасса, Головкин оны нокаутқа түсіреді. 15 қыркүйекте жанкүйерлерге ұмытылмас, классикалық, тариха кіретін жекпе-жек сыйлаймыз деген ойдамын. Адамдардың есінде ұзақ уақыт сақталатын жекпе-жек, өйткені бұл күні Головкин «Канелоны» нокаутқа түсіреді», – деп келтіреді Санчестің сөзін vRINGe.com сайты ESPN Deportes басылымына сілтеме жасап.

Еске слаайық, боксшылар арасында алғашқы жекпе-жек былтыр 16 қыркүйекте тең есеппен аяқталған болатын. Қарымта жекпе-жек Лас-Вегаста 15 қыркүйекке белгіленген.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы