352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роналду әлем чемпионатындағы ең егде хет-трик авторы атанды

  • 164
Роналду әлем чемпионатындағы ең егде хет-трик авторы атанды RT

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлем чемпионатының бірінші турындағы Испанияға қарсы матчқа хет-трик жасады.

«Реалдың» форварды әлем чемпионаттарында үш гол соққан ең егде футболшы атанды – 33 жас, 130 күн.

Сондай-ақ ойыншы Испания құрамасына әлем чемпионатында хет-трик жасаған алғашқы ойыншы атанды.

Айта кетейік, Роналду еуропалық құрамалардың үздік сұрмергендері тізімінде Ференц Пушкашты қуып жетті. Екеуінде де 84 голдан бар.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы