369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем чемпионаты 2018: Хорватия мен Нигерия командалары өзара мықтылық байқасады

  • 229

Бүгін жаһан көз тіккен футбол мундиалі шеңберінде Д тобының құрамалары кездесіп жатыр.

Ресейдің Калининград қаласында Хорватия мен Нигерия командалары өзара мықтылық байқасады.

Мирлан Алтынбек, тілші:

– Қос құрама күні кеше өздерінің соңғы жаттығуларын бір пысықтап алды. Екеуінің де осы мундиальдан үміті зор. Осылайша Марио Манджукич, Лука Модрич пен Иван Ракитич сынды тəжірибелі ойыншылар бастаған ұжым Джон Оби Микел, Ахмед Мұса, Виктор Мозес, Алекс Ивобилерге қарсы қандай айла қолданар екен? Əлде қара құрлық өкілдерінің шатыраштыларға дайындаған өз жоспары бар ма? Оны алдағы матч көрсете жатар. Не де болса, ойын қызықты болғалы тұр. Дəл қазір осы матчтың жанкүйерлері Калининград қаласындағы фан зонаға жиналып, өз құрамаларына қолдау білдіріп жатыр. 

Еске сала кетейік, Хорватия-Нигерия матчы Астана уақытымен түнгі сағат бірде басталады. Ал келесі жұмада дəл осы Калининград қаласында Е тобындағы Сербия мен Швейцария кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы