353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иван Дычко тәжірибелі америкалық боксшыны нокаутқа жіберді

  • 261
Иван Дычко тәжірибелі америкалық боксшыны нокаутқа жіберді

Қазақстандық ауыр салмақ өкілі Иван Дычко кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Бүгін АҚШ-тың Флорида штатындағы Сент-Питерсберг қаласында тәжірибелі америкалық боксшы Майкл Марронемен кездесті. Сегіз раунд форматындағы кездесудің жеті раундын жанкүйерлер көре алған жоқ. Өйткені қазақстандық жойқын соққы иесі қарсыласын бірінші раундта сұлатып салды.

Айта кетейік, Иван Дычко кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегін де нокаутпен аяқтады. Бұрын 21 рет жеңіске жеткен 32 жастағы Майкл Марроне осымен тоғызыншы рет жеңіліп отыр.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Канадада да жерлестеріміз Садриддин Ахмедов пен Нұрзат Сабыров кәсіпқой рингтегі кезекті кездесулерін нокаутпен аяқтаған болатын, деп жазады sport.inform.kz.

Хабар 24 телеарнасы