USD 344,58

EUR 401,20

РУБ 5.50

Астанада триатлоннан халықаралық жарыстың жеңімпазы анықталды

Астанада триатлоннан халықаралық жарыстың жеңімпазы анықталды

Астанада  триатлоннан халықаралық жарыс жалғасып жатыр.

Айтулы шара бас шаһардың 20 жылдық мерейтойына орайластырылған. Біркүндік додаға кәсіби спортшылармен қатар әуесқойлар қатысуда.

Дәл қазір спортшылардың басым бөлігі мәре сызығына жетті. Үш кезеңнен тұратын доданы бірінші болып Германия спортшысы Питер Волкович бағындырды. Ол жалпы ұзындығы 113 шақырымды 3 сағат 58 минут 20 секунд ішінде өтті. Енді шамамен жарты сағаттан кейін жеңімпаздарды құттықтау шарасы басталады. Оған Триатлон федерациясының президенті Кәрім Мәсімов, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қатысады. Ал салтанатты марапаттау жиыны бүгін кешкі сағат жетіде болады.

Топ жарып шыққан спортшылар «Темір адам» атағына ие болып, медальдармен марапатталады. Сондай-ақ жарыс нәтижесі бойынша жоғары нәтиже көрсеткен 50 спортшы қыркүйек айында Африкада өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық дода бүгін таңғы сағат 8-де басталды. Жарыста әлемнің 47 елінен барлығы 1300-ден астам спортшы бақ сынауда. Оның ішінде 700-ге жуығы еліміздің өкілдері. Триатлон спорттың үш түрін – суға жүзу, велосипедпен жарысу және жүгірудің басын қосады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде