361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда өткен велошеруге 800-ге жуық әуесқой жиналды

  • 137
Алматыда өткен велошеруге 800-ге жуық әуесқой жиналды

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Алматыда жетінші велошеру өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

800-ге жуық әуесқой әдеттегідей «Нұрлы Тау» бизнес орталығында бас қосты. Бұл жолы олар 9 шақырым қашықтықты бағындырды. Велошеру Мұxтар Әуезов атындағы драм театрының маңында аяқталды.

Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды, ал бағы жанған қатысушылар басты сыйлық – велосипедтің иегерлері атанды.

Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің жетіншісі болып саналады.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

Хабар 24 телеарнасы