359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ аясында 3 команда кездеседі

  • 278
ӘЧ аясында 3 команда кездеседі

Әлем чемпионаты аясында тағы 3 кездесу өтеді. Бірінші болып жасыл алаңға Швеция мен Оңтүістік Корея құрамалары шығады.

«F» тобындағы іріктеу матчы Ресейдің Нижний Новгород қаласында өтеді және Астана уақытымен 18:00-де басталады. Ал «G» тобындағы 4 команда Сочи мен Волгоград қалаларында өзара мықтыны анықтайды. Алғашқысында Панама құрамасы бельгиялық аяқдопшылармен жолықса, кейін Тунис пен Англия құрамалары кездеседі. Бұл ойындар Астана уақытымен сәйкесінше, 21:00 және 00:00-де басталады. Айта кетейік, бүгін футболдан әлем чемпионатының 5-жарыс күні. Байрақты бәсеке тура 1 айға созылып, 15 шілдеде аяқталады. Осы аралықта әлемнің үздік 32 құрамасы Ресейдің 11 қаласында сынға түседі.

Хабар 24 телеарнасы