356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем чемпионаты-2018: бүгін үш кездесу өтеді

  • 173
Әлем чемпионаты-2018: бүгін үш кездесу өтеді КазТАГ

Бүгін әлем чемпионатының бесінші жарыс күні Бельгия – Панама кездесуінен бөлек тағы екі ойын өтеді.

Сәлден кейін бірінші болып жасыл алаңға Швеция мен Оңтүстік Корея құрамалары шығады. «F» тобындағы алғашқы тур Ресейдің Нижний Новгород қаласында өтеді және Астана уақытымен кешкі алтыда басталады. Сонымен қатар «G» тобындағы құрамалар да әлем чемпионатына араласады. Волгоград қаласында Тунис пен Англия кездеседі. Бұл ойын Астана уақытымен түнгі 00:00-де басталады.

Хабар 24 телеарнасы