361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбек балуаны – қазақ күресінен халықаралық Гран-при жеңімпазы

  • 247
Өзбек балуаны – қазақ күресінен халықаралық Гран-при жеңімпазы

Шығыс Қазақстанда қазақ күресінен Ырғызбай Досқанаұлы атындағы халықаралық турнир аяқталды.

Оған әлемнің 25 мемлекетінен 50-ге тарта балуан жиналды. Қазақстаннан бөлек Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Грузия, Германия, Иран және Израильдің білекті жігіттері Барқытбел баурайында төселген боз кілемде бәсеке көркін қыздырды. 80 келіде жерлесіміз Қуаныш Мұратов жеңімпаз атанса, түйе балуандар арасында өзбекстандық Мухсин Хисамутдинов топ жарды. Финалда ол ресейлік Рустам Арслановты жеңді.

Серік Төкеев, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы президентінің бірінші орынбасары:

- Бұл Гран-при деген олимпиадалық спорт түрлерінде ғана бар. Ал олимпиадада жоқ күрес түрлерінің ішінен осы қазақ күресі кіріп отыр. Оны Дүниежүзілік біріккен күрес одағы президенті Ненад Лалович те атап өтіп, осындай турнирдің үлкен дәрежеде өтуіне себепкер болып отыр.

Мухсин Хисаметдинов, Гран-при турнирінің жеңімпазы /Өзбекстан/:

- Қазақ күресімен 5-6 жылдан бері айналысып келемін. Бұл Гран-при турнирге алғашқы рет қатысуым. Ал финалдық бәсекеге келсек, ресейлік қарсыласымды жеңу оңай болған жоқ. Оның салмағы – 170, менікі – 125. Ұтылып жатыр едім. Дегенмен соңғы секундтарда бар күшімді салып, әдіс жасап үлгердім.

Хабар 24 телеарнасы