361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018: Бельгия құрамасы Панаманы ойсырата жеңді

  • 256
ӘЧ-2018: Бельгия құрамасы Панаманы ойсырата жеңді Sportbox

Футболдан әлем біріншілігінде тағы бір ойын мәресіне жетті.

Ресейдің Сочи қаласындағы «Фишт» стадионында «G» тобын бойынша өткен Бельгия мен Панама құрамалары арасындағы кездесуде еуропалықтар қарсыластарын 3:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық Америка өкілдері тосынсый жасай ма деген үміт те болған. Дегенмен Эден Азар бастаған бельгиялық жігіттер бұл жолы өздерінің тәжірибесі мол екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Алғашқы таймда есеп ашылмағанымен, екінші кезең бастала салысымен бельгиялықтар дегеніне жетті. Дрис Мертенстің оң қанаттан шірене тепкен добы Панама қақпасы торында тулап жатты. Бұл 47-минут болатын. Бельгиялықтар 69-минутта есепті еселей түсті. Кевин Де Брюйне сол қанаттан қақпаның алыс бұрышына доп асырған еді. Оны өзінің әріптесі Ромело Лукаку тиімді пайдаланды. Есеп – 2:0. Ал 75-минутта Ромело Лукаку дубль жасады. Панамалық қақпашымен жеке дара шыққан ол ешбір саспастан допты қақпа торында тулатты. Есеп – 3:0.

Хабар 24 телеарнасы