352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавл қаласында «Qyzyljar -2018» веложарысы өтті

  • 151

Шараға спортшылар, мемлекеттік қызметкерлер, қарапайым тұрғындармен бірге Олимпиада чемпионы, солтүстік қазақстандық Александр Винокуров та қатысты.

Жиналғандар жерлестерімен суретке түсіп, қолтаңбасын алды. Жаппай жүгіріске жауын – шашынға қарамастан 150 шақты адам жиналды. Олар орталық алаңнан басты көшелермен жүріп өтіп, көпшілікті салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Ал жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған велошабандоздар естелік сыйлықтар, медальдармен марапатталды.   

Александр Винокуров, Олимпиада чемпионы:

- Осындай шаралар арқылы жастарды, ересектерді велосипедпен жүруге шақырамыз. Бұл денсаулыққа өте пайдалы. Ал осы облыстан тағы бір Олимпиада чемпионы шықса, тек қана қуанамын.

Хабар 24 телеарнасы