USD 343,45

EUR 403,00

РУБ 5.52

Г.Саутгейт: Жеңіс жолын жалғастырамыз

  • 76
Г.Саутгейт: Жеңіс жолын жалғастырамыз Daily Xpress

Әлем чемпионатының 5-жарыс күні ең соңғы болып жасыл алаңға Тунис пен Англия құрамалары шықты.

«G» тобындағы кездесу Волгоград қаласында өткен болатын. Бұл матчта ағылшындар айқын фаворит саналғанымен жеңіске жету оңай соққан жоқ. 11-минутта Англия сапындағы Харри Кейн мергендігімен көзге түсті. Артынша 11 метрлік айып добынан Фержани Сасси есепті теңестірді және бұл нәтиже ойын соңына дейін сақталды. Тек қосымша уақытта Кейннің соққан тағы бір голы өз құрамасына жеңіс сыйлады. «G» тобының кезекті матчтары енді 23-24 маусым күндері өтеді. Онда ағылшындар Панама құрамасымен, ал Тунис аяқдопшылары бельгиялықтармен кездеседі.

Гарет Саутгейт, Англия құрамасының бас бапкері:

- Басымдық біздің жақта болғанымен көптеген шабуылымыз аяқсыз қалып жатты. Бірақ жігіттер матч соңына қарай шешуші голды соға алды. Бұл біз үшін өте жақсы көрсеткіш. Әсіресе чемпионат алдындағы дайындықтарымыз қазір іске жарап жатқанына қуаныштымын. Енді осы қарқыннан таймай алдағы ойындарда жеңіс жолын жалғастырамыз деген үміттемін.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде