359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футболдан әлем чемпионаты тарихындағы рекордтар мен қызықты деректер

  • 551
Футболдан әлем чемпионаты тарихындағы рекордтар мен қызықты деректер

Футболшылар үшін әлем чемпионатына қатысу арман болғанмен, доп додасында ерекше рекорд орнатып, тарихта қалу – кез келгенге түсе бермес бақыт.

Назарларыңызға футболдан әлем чемпионаттарында болған рекордтарды ұсынамыз:

– Бір матчта ең көп гол соғу бойынша рекорд Реcей құрамасының шабуылшысы Олег Саленкоға тиесілі. Ол 1994 жылы әлем чемпионатында Камерун қақпасына бес гол соққан.

– Әлем чемпионатының финалында хет-трик жасаған бір ғана ойыншы бар. 1966 жылы ағылшын футболшысы Джеффри Херст ақтық ойында ФРГ құрамасының қақпасына үш гол соққан.

– Әлем чемпионатындағы ең жылдам голды түркиялық Хакан Шүкір салды. Осыдан 16 жыл бұрын Оңтүстік Корея мен Жапонияда өткен әлемдік додада Хакан кәрістер қақпасына бар болғаны, 11 секундта гол соққан.

– Солтүстікирландиялық Нормен Уитсайд аталмыш турнирдің финалдық ойындарына қатысқан ең жас футболшы болып тарихта қалды. Әлем чемпионатында алаңға шыққанда ол 17 жаста болатын.

– 2006 жылғы әлем чемпионатында швейцариялық қақпашы Паскаль Цубербюлер мүлдем гол жіберген жоқ. Топтық кезеңнің үш матчында өз қақпасын голдан сақтап қана қоймай, 1/8 финалда Украина құрамасынан (0:0) да гол жіберген жоқ. Өкінішке қарай, оның құрамасы пенальти сериясында ғана қарсыласқа жол берді.

– Уругвайлық Хосе Батиста әлем чемпионатында ең жылдам қызыл қағаз алған футболшы болып есте қалмақ. Ол Шотландияға қарсы ойында 56-секундта алаңнан қуылған.

–Құраманы әлем чемпионатына алып келген ең жас бапкер – аргентиналық Хуан Хосе Тримутола. Оның жасы небәрі 27-де болатын.

– Әлем чемпионатындағы ең ірі есеп 1982 жылы Венгрия – Сальвадор арасындағы кездесуде тіркелді. Венгриялықтар 10:1 есебімен жеңіске жетті.

– Ал 1954 жылғы әлемдік додада Австрия – Швейцария (7:5) арасындағы ойында 12 гол соғылды. Бұл әлем чемпионаты тарихында бір ойында ең көп гол соғылған матч саналады.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы