352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футбол тарихындағы қызықты 7 оқиға

  • 206
Футбол тарихындағы қызықты 7 оқиға pravda.if.ua

Футболсүйер жанкүйерлерге әлемдегі нөмірі бірінші спорт туралы қызықты деректер:

– Италиядағы Асти қаласында өткен жолдастық матчта жергілікті команданың шабуылшысы Маскио допты тебе алмай, аяғы жерге тиген. Қатты тепкені сонша, аяғы жерге олң жарақаттанып қалған. Нәтижесінде зерттеушілер футболшы тепкен жерді зерттеп, тарихи маңызды қаңқа тауып алған. Соның арқасында Маскиоға қаржылай сыйақы мен археологиялық зерттеуге көмектескені үшін сыйлық берілді.

– Бразилиялық қорғаушы Пинейро гол соғудан рекордсмен болған. Бір айырмашылығы, голды қарсыласқа емес, өз қақпасына көп соққан. Пинейро бір маусымның ішінде өз қақпасына 10 гол соққан. Кейін оны бапкерлер шабуылға қойған. Бірақ шабуылда ойнаған алғашқы матчында-ақ Пинейро өз қақпасына гол соғыпты. Кейін футболшы 25 жасқа толған соң командалас әріптестері оған қарсылас қақпасын қателеспей табуы үшін компос сыйлаған.

– Тағы бір автогол туралы. 60 жылдардың ортасында италиялық «Брешиада» ойнаған қорғаушы Мацциа рекорд орнатқан. Ол «Мантоваға» қарсы матчтың 38-секундында өз қақпасына гол соғып, ең жылдам автогол авторы атанды.

– 1959 жылы Гельзенкирхенде стадион әкімшілігі қателесіп, гандбол және футбол матчтарын бір уақытқа қойған. Командалардың ешқайсысы да беріспей, қос ойын да сол алаңда өтті. Нәтижесінде, бір уақытта алаңда төрт команда мен екі доп болды.

– Италиялық қақпашы Гроссо ойын кезінде төрешіге «Көзілдірік сатып ал» деп кеңес берген. Бұл үшін рефери оны алаңнан қуады. Кейін белгілі болғандай, Гроссоның оптикалық дүкені бар екен, ал төрешінің расымен де көзі нашар көретін болып шықты. Сондықтан тәртіптік кеңес қақпашының төрешіге айтқан сөзін тіл тигізу емес, ақылға қонымды кеңес деп бағалапты. Нәтижесінде, Гроссоның қызыл қағазы есептелмей, төреші оның дүкенінен көзілдірік сатып алған.

– Испанияның екінші лигасындағы «Сан Исидро» мен «Олимпико Карранте» матчында қызық оқиға болды. Қос команданың да ойыншылары төрешіні қоршап алып, шешіміне қарсы шыққан. Футболшылар шектен шығып бара жатқан соң, төреші ерекше шешім шығарды – алаңдағы 22 футболшыға да қызыл қағаз көрсетіп, бәрін алаңнан қуған.

– 1891 жылы ирландиялық маман Джон Пенальти қорғанып жатқан команданың айып алаңында ойын тәртібі бұзылса, 11 метр айып соққысын жасауды ұсынған. Алғаш рет бұл ереже ирландиялық футболда қолданылды. Қазір бүкіл әлемге танымал бұл ереже Джон Пенальтидің құрметіне «пенальти» аталады.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы