356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018: Португалия - Марокко құрамалары кездеседі

  • 178
ӘЧ-2018: Португалия - Марокко құрамалары кездеседі

Екінші тур ойындары әсіресе, Португалия мен Марокко құрамалары үшін аса маңызды болмақ.

Өйткені, екеуі де алғашқы ойында жеңіске жете алмады. Португалия аяқдопшылары Испаниямен тең түссе, Марокко Иранға есе жіберді. Енді плей-оффқа шығу үшін қос құрама да бүгін барын салады. Айтпақшы, өткен ойында Марокко құрамасындағы Нордин Амрабат басынан қатты жарақат алып, жарысты жалғастыра алмауы мүмкін делінген. Бірақ екінші тур ойындарының алдында Амрабат негізгі құрамамен жаттығуға қатысты.

Эрве Ренар, Марокко құрамасының бас бапкері:

– Биылғы әлем чемпионатында сенсациялар орын алып жатыр. Сол сияқты біз де Португалия құрамасын жеңгіміз келеді. Әрине, Роналдудың шеберлігіне сөз жоқ. Бірақ футбол – командалық ойын. Сондықтан дұрыс тактика және ауызбіршіліктің арқасында басым түскіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы