352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Португалия құрамасы Марокконы жеңді

  • 154
Португалия құрамасы Марокконы жеңді

Португалия құрамасы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Еуропа чемпиондары В тобының екінші турында Марокко құрамасымен кездескен. Матч жылдам голмен басталды. 4-минутта Жоао Моутиньюдің оң қанаттан асырған пасына бірінші болып Криштиану Роналду жетіп, баспен дәл соққы жасады – 1:0.

Ойынның аяқталуына көп уақыт болса да командалар екінші голды соға алған жоқ. Африкалық құрама таразы басын теңестіруге тырысқанымен Португалия қорғанысы сыр берген жоқ, кейде өздеріне де дәлдік жетіспей жатты. 

Айта кетейік, Португалия құрамасы осы әлем чемпионатында төрт гол соққан және оның бәрі де Роналдудың еншісінде. 

Осылайша Португалия В тобында төрт ұпай жинап, көш басына шықты. Ал Марокко екі ойынның екеуінде де жеңіліп қалды.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы