359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

IBF чемпионы жаңа жұлдыз туралы: Ол Головкинді де, Альваресті де сабайды

  • 579
IBF чемпионы жаңа жұлдыз туралы: Ол Головкинді де, Альваресті де сабайды vesti.kz

Жартылай орта салмақта IBF чемпионы Эррол Спенс (24-0, 21 КО) отандасы Джермалл Чарлоның (27-0, 21 КО) орта дивизиондағы ең басты тұлғаға айналарына сенімді, – деп хабарлайды vringe.com.

Спенстің ойынша, Чарло қазірдің өзінде қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альваресті жеңе алады.

«Айтып тұрмын ғой, Джермалл Головкинді де, Альваресті де сабайды. Головкин аяқасты Чарломен жұдырықтасуға келіскенін естісем, таңданар едім. Бірақ ол жігітке мүмкіндік берсе, GGG мен «Канелоны» да сабар еді. Оған бәс тігуге дайынмын», – дейді Спенс.

Еске салайық, Чарло – WBC тұжырымы бойынша «уақытша» чемпион және Головкинмен жұдырықтасуға үміткерлердің бірі. Ал жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста «Канеломен» жекпе-жекке шығады.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы