359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада алғаш рет қазіргі бессайыстан әлем кубогінің финалы өтеді

  • 143
Астанада алғаш рет қазіргі бессайыстан әлем кубогінің финалы өтеді

Елордада алғаш рет қазіргі бессайыстан әлем кубогінің финалды өтеді.

Осыған байланысты елордаға аталған спорттың өкілдері келіп жатыр. Олардың арасында әлем және олимпиада чемпиондары да бар. Жарысқа дайындық барысы арнайы баспасөз мәслихатында айтылды. Қазіргі бессайыстан әлем кубогінің финалы алдағы 3 күн бойы «Барыс-Аренада», «Сарыарқа» велотрегі және «Қазанат» ипподромында өтеді. Жеңімпаздар есімі жексенбіде белгілі болады. Айта кетейік, әлем кубогінің финалында ең үздік деген 36 ер және 36 әйел спортшы қатысады. Олар 5 спорт түрінен өзара мықтыны анықтайды. Оның ішінде семсерлесу, жүзу, конкур, ату және жүгіру бар.

Берік Имашев, Қазақстанның қазіргі бессайыс федерациясының президенті:

- Астананың 20 жылдығына арнайы ұйымдастырылып отырған бұл турнир жоғарғы деңгейде өтіп, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауда мүмкіндік туғызып, спортшылар үшін үлкен мерекеге айналарына сенімдемін. Сондай-ақ әлем кубогының финалы Астананың спорттық мәртебесін арттырары сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы