356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аргентина мен Хорватия командалары кездеседі

  • 219
Аргентина мен Хорватия командалары кездеседі

21 маусымда Әлем чемпионатының сегізінші жарыс күнін Дания мен Австралия құрамалары ашады.

С тобындағы командалардың ойыны Самара қаласында өтеді. Матч Астана уақытымен кешкі 6-да басталды. Осы топтағы Франция мен Перу Екатеринбург қаласында жолығады. Бұл ойынды жанкүйерлер кешкі тоғызда көре алады. Сосын Д тобының командалары алаңға шығады. Алғашқы турда Исландияны ұта алмаған Аргентина Нижний Новгородта Хорватиямен сынға түседі. Месси бастаған футболшылардың ойыны түнгі 00:00-де басталады.

Хабар 24 телеарнасы