352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хорватия Аргентина құрамасын ойсырата ұтты

  • 163
Хорватия Аргентина құрамасын ойсырата ұтты InfoResist

Футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыққан командалар қарасы Хорватиямен толықты.

«D» тобындағы екінші ойында шақпақ жейделі құрама Аргентинаны 3:0 есебімен ойсырата ұтты.
Ойындағы үш гол да екінші таймда соғылды. 53-минутта қақпашы Вилли Кабальеро ойламаған жерден қателесті. Допты сәтсіз қайтарып қана қоймай, хорват ойыншысы Ребичтің аяғына салып берді. Футболшы допты бірден қақпаға бағыттап, гол соқты.

Аргентина құрамасы таразы басын теңестіру үшін алға ұмтылғанымен, гол соғатын оңтайлы сәтті таба алмады. Керісінше, 80-минутта Лука Модричтің алыс қашықтықтан тепкен добы хорваттардың екі доп басымдығымен алға шығуына жол ашты. Бұл жолы да Кабальеро допты қайтаруға дайын болмай шықты.

Осы бір голдан кейін Иван Ракитичтің айып соққысынан тепкен добы да қауіпті болды. Қақпа бағанына тимегенде, қақпашының қайтаруы қиын еді.

Иван Ракитич өз дегеніне жетті. Қосымша уақытта гол соғып, хорваттардың қуанышын еселеді. Бұл кезде аргентиналықтардың қорғанысы сетінеп, ес жия алмай тұрған сәт еді... Есеп – 3:0. Хорватия «D» тобында бірінші болып 1/8 финалға шықты, деп жазады kaz.vesti.kz.

Бұл топтағы ендігі ойын Исландия мен Нигерия құрамалары арасында өтеді. Қазіргі таңда екінші жолдамаға осы құрамалар таласатын болады. Аргентина мен Исландияда бір-бір ұпайдан болса, Африка құрлығынан келген құрама қоржыны әзірге бос тұр.

Хабар 24 телеарнасы