352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Е» тобында плей-оффқа шыққан құрамалар соңғы турда анықталады

  • 136
«Е» тобында плей-оффқа шыққан құрамалар соңғы турда анықталады youtube.com

Швейцария құрамасы Сербияны 2:1 есебімен ұтып, 3 ұпайға ие болды.

Нәтижесінде бұл топтағы плей-офф жолдамасының иегерлері соңғы турда анықталатын болды.

Сербтер бірінші таймда қарсыластарын ұтып-ақ шыққан. 5-минутта Александр Митровичтің баспен соққан голы командасына басымдық беріп тұрған еді. Егер осы есепті сақтағанда Сербия құрамасы 1/8 финалға шығар еді. Алайда екінші таймда швейцариялық футболшылар таразы басын теңестіріп қана қоймай, жеңіске бастар жолды тауып та кетті.

52-минутта Гранит Джака есепті теңестірді. Ал 90-минутта Джердан Шакиридің соққан голы Швейцарияға жеңіс сыйлады.

Қазіргі таңда топта Бразилия мен Швейцария құрамаларында 4 ұпайдан бар. Сербияда – 3 ұпай. Ал плей-офф жолдамасынан үмітін үзген Коста-Рика құрамасының қоржыны бос тұр. Топтағы үшінші ойында Бразилия Сербиямен, Швейцария Коста-Рикамен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы