356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин «Канеломен» екінші жекпе-жегінде стилін өзгертуі мүмкін

  • 132
Головкин «Канеломен» екінші жекпе-жегінде стилін өзгертуі мүмкін Vesti.kz

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес өзінің шәкіртінің алдағы мексикалық Сауль Альвареспен болатын жекпе-жегінде бокстасу стиліне өзгерістер енуі мүмкін екендігі туралы айтты.

«Хулио Сесар Чавес бір стильмен жүзден аса жекпе-жек өткізді және ол – ең мықты мексикалық боксшы. Головкин алдағы жекпе-жекте бірден шабуылға шығып, қарсыласын нокаутқа түсіру жолын ұсынбақ. Біз тағы да бірінші жекпе-жектегі сияқты жеңіске жететін боламыз», – деді Санчес.

«Канело» мен GGG екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің промоутерлері алғашында айқастың болмайтынын растаған еді. Алайда кейін қайта келісім жүргізіліп, бәріне тиімді шешім қабылданды. Головкин мен «Канелоның» екінші кездесуінің өтетіні ресми түрде жария етілді.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы