359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузияның Батуми қаласында қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтіп жатыр

  • 159
Грузияның Батуми қаласында қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтіп жатыр

«Қазақ күресі олимпиада бағдарламасына енгізілуі тиіс. Белдесудің басқа түрлерімен салыстырар болсақ, спортшы үшін әлдеқайда қауіпсіз», – дейді қазақ күресі бойынша Еуропа федерациясының президенті Карен Арутюнян.

Қазір Грузияның Батуми қаласында қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтіп жатыр. Осы континенттегі 21 елдің 80-ге жуық спортшысы 9 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Грузияда күреске деген қызығушылық жоғары. Мұндай жарыстар көрерменнің қолдауынсыз өтпейді. Ал жарыс әділ өтуі үшін Қазақстаннан барған делегация төрешілерге дәріс оқып, қазақ күресінің ережелерімен таныстырды. Өйткені төрелік ететін 15 маманның жартысы өзге елдерден.

Карен Арутюнян, Еуропалық қазақ күресі федерациясының президенті:

– Қазақ күресі мен грузин күресінің ережелері қатты ұқсайды. Біздің жігіттерге сол жағынан оңай болды. Ал Еуропа федерациясының орталығы Грузия болды. Сондықтан алғашқы чемпионатты Батумиде өткіземіз деген шешім қабылдадық.

Қазақ күресінен екінші Еуропа чемпионаты, Польшада өтеді деген ақпар бар. Қазір мамандар оның расталғанын күтіп отыр. Ал чемпионат жыл сайын дәстүрлі түрде, өтіп тұрмақ.

Хабар 24 телеарнасы