352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германиялық MMA файтері жеңімпаздар тұғырына Қазақстанның туымен шықты

  • 212
Германиялық MMA файтері жеңімпаздар тұғырына Қазақстанның туымен шықты Prosports.kz

Аралас жекпе-жектен Еуропа чемпионатында (IMMAF) Эдуард Кексель қазақстандық байрақпен марапаттау рәсіміне шықты.

Бұл туралы Prosports.kz Kazakhstan MMA федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Кексель Қостанай облысында дүниеге келген, бірақ көп жылдар бойы Германияда өмір сүріп, халықаралық жарыстарда немістердің атын қорғаған. Дегенмен Эдуард Еуропа чемпионатында оған өмір сыйлаған елге құрмет көрсетуге шешім қабылдады. Жеңімпаздың жүлдегері жеңіс төріне туған елінің көк байрағын көтеріп шықты.

«Мен Қазақстан құрамасын жарыстарда көргеніме өте қуандым. Мен финалдық жекпе-жекті жеңіп алған кезде, қазақстандық жігіттерден марапаттау рәсімінде еліміздің туын өзіммен алып шығуға уақытша сұрап алған болатын. Мен Отанымды сағындым», – дейді Эдуард Кексель.

Хабар 24 телеарнасы