356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Англия құрамасы әлем чемпионатында тұңғыш рет 6 гол соқты

  • 176
Англия құрамасы әлем чемпионатында тұңғыш рет 6 гол соқты FootballTop.Ru

Бүгін футболдан әлем біріншілігінің топтық кезеңіндегі екінші тур мәресіне жетеді.

Бұл күні G және Н тобында ойындар өтеді. Осы күнгі ойындардың алғашқысы Англия мен Панама арасында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейдің Нижний Новгород қаласындағы стадионда өткен ойын ағылшындар шабуылымен басталды. Көздеген мақсатына олар көп ұзамай-ақ жетті. Англия алғашқы голын 8-минутта соқты. Голды ағылшын қорғаушысы Джон Стоунс өзінің еншісіне жазды. Екінші гол  19-минутта соғылды. Бұл жолы Гарри Кейн пенальтиді мүлтіксіз орындап, есеп айырмасын ұлғайта түсті. Бүгінге дейін Гарри Кейн ұлттық құрама сапында 26 ойын өткізіп, өзінің еншісіне 16 голды жазып отыр. Ойынның 35-минутында табло 3:0 есебін көрсетіп тұрды. Ағылшындар сапынан голды Джесси Лингардтың қанжығасы майланды. Ал Джон Стоунс дубль жасап үлгерді. Есеп – 4:0. Алғашқы кезең аяқталар тұста ағылшындар бесінші голын енгізді. Оны Гарри Кейн 11 метрліктен соқты. Есеп – 5:0.

Ойынның екінші кезеңі де ағылшындар басымдығымен өтті. Панамалықтар доп айырмасын қысқартуға жанталасқанымен, одан ешқандай пайда болмады. Есесіне 62-минутта Гарри Кейн хет-триктің авторы атанып, сұрмергендер тізімінде португалдық Криштиану Роналду мен Ромело Лукакуды артқа қалдырып кетті. Десе де Панама өз еліне құр қол қайтуды құп көрмеген секілді. Фелипе Балой 78-минутта есеп айырмасын қысқартты. Ол Панаманың әлем біріншілігінің финалдық кезеңіндегі тұңғыш голының авторы атанды. Есеп – 6:1. Осылайша ағылшындар әлем чемпионаты тарихында алғаш рет 6 гол соғып отыр. 

Хабар 24 телеарнасы